USD 530.47
EUR 613.75
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шу қаласында мектеп директоры "қыз ұзату" жасаған

  • 21.июля.2020, 19:30,
  • 722

Жамбыл облысындағы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған. Мереке кезіндегі видео әкімдіктегілердің қолына түскен. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге тексеріс жүргізу барысында мониторингтік топ Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған.

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында той биыл 26 маусымда болғаны анықталды.

Шара бойынша карантин режимін бұзып, той ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгінде ол кезекті еңбек демалысында.      

Одан бөлек, іс-шара өткен мекеме де анықталды. Мекеме иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.



#карантин #қызұзату #мектепдиректоры

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.07.2020
16.07.2020
02.07.2020
08.06.2020
30.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930