ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берген. Нәтижесінде ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдаған.
"Біріншіден, шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіледі:
2020 жылдың 26 қазанынан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу", - делінген хабарламада.
Екіншіден, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстандағы көптеген өңірлік зертханада ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Үшіншіден, ауру өсімі болмаған жағдайда, "жасыл" тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандырылады.
"2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Ал 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.
Төртіншіден, еліміздегі шектеу шараларын сақталады.
"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген хабарламада
#кинотеатр #кино #карантин #коронавирус