USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

  • 14.қазан.2020, 17:11,
  • 972

Күдікті анықталды. 

Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлер зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні жақын жерлердегі бақылау камералары арқылы тауып алған. 

"Бақылау камералары арқылы көліктің номерын анықтадық. База арқылы ВАЗ-21214 маркалы көлігінің иесін тауып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің бағытын анықтадық. Ол - 76 жастағы зейнеткер, Павлодардың тұрғыны болып шықты", - дейді жергілікті полиция бөлімінің басшысы Қуаныш Мустафинов. 

Бүгінде павлодарлық тұрғынның көлігі айып тұрағында тұр, ал жол оқиғасы бойынша тексеріс басталды. 

Еске салайық, бүгін белгісіз жүргізуші 74 жастағы зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланды. Полицияның мәліметінше, оқиға Мәшхүр Жүсіп және Лермонтов көшелерінің қиылысында болған. Зейнеткер әйел жолдан өтуге болмайтын жерден өткен. Оқиға орнынан бірден ауруханаға жеткізілген.


#оқиға #зейнеткер #жүргізуші #апат #павлодар



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30