Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жедел жәрдем қызметінің жүктемесі күрт артқанын айтты.
"Соңғы тәулікте 103 номеріне хабарласқандар саны 4,5 мыңға дейін жетті. 2,8 мың шақыртуға жедел жәрдем станциясы барды. Соңғы бір аптада коронавирус індетіне байланысты 4 438 қоңырау келіп түскен. Кеше 1300 шақырту болды", - деді ол бейсенбі күнгі кезекті брифингте.
Алайда 4500 қоңыраудың 2800-іне жедел жәрдем жеткен болса, 1700 шақыруға көмек бармаған.
Сондықтан, жедел жәрдем базасында аумақтық емханалардың орта медициналық қызметкерлерінің байланыс орталығы ұйымдастырылған.