USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралда белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

  • 10.қазан.2020, 11:21,
  • 387

Орал белсенділері митинг өткізу құқығын жүзеге асыра алмады. Әкімдік рұқсат етпеді.

Орал қаласының әкімдігі азаматтық белсенділердің митинг өткізуіне рұқсат етпеді. Белсенділер жиын өткізу ниеті туралы хабарламасын әкімдікке 9 қазанда өткізген. Әкімдік сол күні кешке-ақ жауап беріп, рұқсат етпейтінін айтты. Әкімдік жауабында хабарлама "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңға сәйкес емес, "көрсетілген орын" рұқсат етілген орындар тізімінде жоқ" делінген.

11 қазанда митинг өткізу туралы ескерту хабарламасын төрт белсенді өткізген.

– [Митинг] тақырыбы: "Сайлау туралы заңды өзгерту" және "Саяси партиялар туралы заңды өзгерту". Өткізу күні – 11 қазан. Мәншүк Мәметова алаңында – деді өтініш бергендердің бірі Бауыржан Әліпқалиев Азаттыққа.

2019 жылдың қыркүйегінде Оралда бейбіт шеруді өткізудің бес орны бекітілген. Оның ішінде Мәншүк Мәметова алаңы да болған. Алайда 2020 жылы маусымда билік тізімді қайта қарап, рұқсат етілгендер орындар саны екеу болып қалды.

Белсенділер митинг өткізуге рұқсат алмай қоймайтынын айтып отыр.

– Жеке өзім өтінішті қайта беруге бекініп отырмын. Митинг өткізуге рұқсат бергенше. Өз атымнан жазамын, – деді митинг бастамашыларының бірі Әлбек Ерғазиев.

Мұның алдында митинг өткізуге Алматы әкімдігі де рұқсат етпеді. Алматы қаласында екі құқық қорғаушы әкімдікке 11 қазан күні митинг өткізетінін хабарлаған. 8 қазан күні әкімдік митингіге билік "экстремистік" деп жариялап, "тыйым салған" қозғалыстардың жақтастары қатысқалы отыр, сол себепті "қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупі" деп жауап берді.

Бейбіт жиындар туралы жаңа заңға сәйкес, азаматтар жергілікті әкімдікке митинг өткізу туралы ниетін хабарлауы тиіс. Осыдан кейін әкімдік шешім шығаруы тиіс. Заң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбіт жиындарды өткізу тәртібін жеңілдету туралы уәдесінен кейін маусым айында қабылданған. Билік бұдан былай әкімдіктің рұқсаты қажет емес деген. Бірақ іс-жүзінде әкімдіктің жиын өткізуді рұқсат етпеуге құзыреті көп. Егер әкімдік рұқсат етпесе, митинг "заңсыз" саналады.

Бұл заңды халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен институттары сынға алды. Олар митинг өткізу процедурасы одан әрі қиындай түсті, әкімдіктер мұндай акциялардың өтуін әлі де толықтау бақылауында ұстап отыр, бұл азаматтардың бейбіт жиын өткізу туралы конституциялық құқығына қайшы деді.


#митинг #наразылық #құқық #белсенділер #орал 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.09.2020
17.01.2020
18.10.2019
01.07.2019
28.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930