USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биыл 13 мың жүргізуші мас күйде көлік жүргізген

  • 08.қазан.2020, 12:14,
  • 406

Ал жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 млн-нан астам дерегі анықталды.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ең алдымен, жолдарда бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 млн-нан астам дерегін анықтаған.

"119 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлікті мас күйде жүргізген 13 мың жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 15,2 мың жүргізушіні көлікті басқару құқығынан айырды, 12,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды", - деді С.Түсіпов.

Биылғы жылдың 9 айында 8 933 ЖКО тіркеліп, онда 1 265 адам қаза тауып, 11 780 адам жарақат алған екен.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары санының 22% – ға (11 484-тен 8 933-ке дейін) төмендегені байқалады, оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтар саны 19%-ға (-287, 1 552-ден 1 265-ке дейін) және жараланғандар саны 23%-ға (-3544, 15 324-тен 11 780-ге дейін) азайды, - деді С.Түсіпов.



#мас #алкоголь #жүргізуші #көлік 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2020
22.09.2020
19.08.2020
31.03.2020
25.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930