USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ХАТУ экс-ректоры сотталды

  • 05.қазан.2020, 17:53,
  • 353

1,7 миллиард теңге жымқырған Алматыда ХАТУ бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды. 

Сот алдына ЖОО-ның бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас есепші Жанайым Спабекова келді.

"Дамир Шыныбеков кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасы орташа қауіпсіз мекемеде өтесін. Жеке мүлкін тәркілеу, оның ішінде бірнеше жер учаскесі бар", - деп оқыды үкімді судья.

Жанайым Спабекова да кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, оның да жеке мүлкі тәркіленетін болды.

Іс материалдарына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі 2013-2018 жылдар аралығында университетке 10 миллиард теңгеден аса қаржы аударған. Прокурордың мәліметінше, Шыныбеков пен Спабековв жыл сайын Студенттер санын жасанды түрде арттырып, осы сомадан 1 миллиард 727 миллион теңге жымқыған. Ұрланған миллиардтар пәтерлер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны белгілі болды.

Еске салайық, Дамир Шыныбеков былтыр 29 мамырда қамауға алынған болатын. Университет басшысы қызметін 2009 жылдан бері атқарған еді 2017 жылы Шыныбеков Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды.



#ректор #хату #алматы #жымқырды #пара 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.03.2020
21.02.2020
19.12.2019
01.11.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930