USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралда Назарбаевпен қиылысатын Абай даңғылы ашылды

  • 27.қыркүйек.2020, 14:24,
  • 336

Биыл ұлы ақынның 175 жылдығына орай бұрынғы Еуразия даңғылы Абай даңғылы болып атауы өзгертілді.

Даңғылдың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Абат Шыныбеков биыл қаланың ортасындағы Абай алаңының абаттандырылып, басқа да елді мекендерде маңызды іс-шаралардың атқарылғанын жеткізді.


«Қала күні, сондай-ақ Жайықтың қос қыраны Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойлары аясында Оралдың қақ төрінде Абай даңғылының ашылуы – үлкен мәртебе. Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының және қала жұртшылығының ұсынысымен орталық даңғылдардың біріне осылайша ұлы Абайдың есімі берілді», деді А.Шыныбеков.


«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп ұлы ақынымыз айтқандай, Абайдың сөздері жанданып жатыр. Жұбан мен Қадыр тойының да жоғары деңгейде өтуі – осы сөздің дәлелі. Биыл Абай жылы аясында елімізде көптеген шаралар атқарылды. Мұхтар Әуезов атындағы театрымызда Абайдың қара сөздерінен, өлеңдерінен екі спектакль қойғыздық. Абайды құрметтейтін, қастер тұтатын елі аман болсын, ұрпақтары жасай берсін», деді Қазақстанның Еңбек Ері, атақты кино және театр актері Асанәлі Әшімов.


Бұдан кейін сөз ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулетке берілді.


«Абай – ұлтымыздың ұстазы, халқымыздың темірқазығы. Мемлекетімізге бағыт беретін, әлем көгінде жарқырап тұрған жарық жұлдызымыз. Мұнда жазулы тұрған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек» деген Абай сөзіне зер салсақ, толық – кемел адам деген сөз. Абай толықты екіге бөледі. Адамдыққа толық адам, надандыққа толық адам. Біз Абайдың адамдыққа толық адам деген жолын ұстансақ, ешкімнен кем болмаймыз. Міне, енді Абай жырының сәулесі ақын есімін алған даңғылға түсіп, нұрландырып тұр. Абайдай өмір сүрейік, абайлап өмір сүрейік», деді Ұ.Есдәулет.


#Абай175жыл #ақын #жазушы #Орал #көше

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2020
10.08.2020
10.08.2020
02.10.2019
30.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930