USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Абайдың өлеңін оқыған шенеуніктер айыппұл төлейтін болды

  • 15.қыркүйек.2020, 10:02,
  • 330

Абайдың өлеңін оқыған Өскемен қаласының әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды.

Атап айтқанда, айыппұл әкім орынбасары мен бөлім басшысына салынған. Олардың жазығы - мемлекеттік деңгейде қолға алынған бұл шараны карантин кезінде ұйымдастырғандықтарында болып тұр.

Атап айтқанда, қала әкімінің орынбасары мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына айыппұл салынып отыр. Не үшін?

Естеріңізде болса, тамыз айының басында Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері Абай күніне орай ұлы ақынның өлеңін оқыған еді.

Қала әкімі Жақсылық Омар бастаған әкімдік қызметкерлері Абайдың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін оқып, видео-эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады.

Мәселенің бәрі сол бейнежазбада болып тұр.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментінің ақпараты бойынша, оннан астам адам қатысқан видео-эстафета шектеу шаралары кезінде түсірілген екен. Эстафетаға қатысушылар маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтағанына қарамастан әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.




#абай #айыппұл #өскемен #әкімдік 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.07.2020
06.07.2020
06.07.2020
02.07.2020
10.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930