Әлібек Наурызбаев 1964 жылдың 29 шілдесінде Жамбыл облысы, Шу ауданы Жамбыл совхозында дүниеге келген.
1981 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін №109 ауылдық кәсіби училищеге түсіп, одан "механизатор-техник" мамандығын алып шығады.
1983-1985 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет етеді. Әскер қатарынан оралғаннан кейінгі саналы ғұмырын қазақстандық полиграфия ісіне арнады.
1985-2002 жылдар аралығында Алматы қаласындағы "Кітап" республикалық өндіріс бірлестігінде басушының көмекшісі, цех мастері, цех бастығы, директордың жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, бас инженер болып жұмыс жасады.
1988 жылы біліктілігін арттыру мақсатында Мәскеу полиграфиялық институтына түсіп, 1994 жылы оны (қазір Мәскеу мемлекеттік баспа академиясы) "инженер-механик" мамандығы бойынша бітіреді.
2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Қазақ университеті" баспасының директоры қызметіне жарияланған конкурстан өтіп, осы баспаның директоры қызметіне тағайындалады.
Полиграфия туралы 10-нан астам ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік жарияланымдардың авторы. Филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен "Подъязык полиграфии: проблемы двухязычной лексикографии" тақырыбына арналған кандидаттық диссертация қорғау үшін зерттеулер жүргізген.
#әлібекнаурызбаев #өлім #полиграфия #баспа