"Қазір біздің мақсатымыз - бортта болған адамдардың барлығын іздеп табу, олармен байланысты болғандарды оқшаулап, бақылауға алу. Қажет іс-шаралар жүріп жатыр. Барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.