USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралдық журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • 28.августа.2020, 11:53,
  • 611

Журналист Лұқпан Ахмедияровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

"Шақырту бойынша тергеушіге бардық. Менің үстімнен 147-бап 5-бөлігі ("Жеке өмірге қол сұғу және жеке деректі қорғау заңнамасын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Оған атыраулық бизнесменнің шағымы негіз болған, ол бір ай бұрын қылмыстық іске тартылған болатын" деп жазды журналист 27 тамызда.

Журналистің айтуынша, бизнесмен жемқорлық туралы мақалада "компаниясы мен аты-жөнін айтқаны үшін наразы".

Азаттық әзірге Батыс Қазақстан облыстық полициясынан жауап ала алмады.

ҚазТАГ-тың жазуынша, шілде айында Батыс Қазақстан облыстық көші-қон басқармасының қызметкері "пара алды" деген күдікпен ұсталып, сол кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ахмедияров жазған мақала осы іспен байланысты.

Аймақтағы санаулы тәуелсіз басылымдардың бірі "Уральская неделя" басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедияровқа бірнеше жыл бұрын қастандық жасалған. Оны жергілікті шенеуніктер мен мемлекеттік орган өкілдері бірнеше рет сотқа берген.



#лұқпанахмедияров #журналист #орал #қылмыстықіс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.07.2020
10.02.2020
14.11.2019
25.07.2019
15.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930