Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375 адамнан асты, олардың қатарында медицина мамандары - провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.
Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді.
Бұл күні әрбір азамат қай жерде жүрсе де дүниеден өткендерді еске алатынына сенімдімін,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Денсаулық сақтау министрлігі індеттен көз жұмған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялады.
Бүгін әрқайсының атын атап еске аламыз:
"Семей медицина университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі (ШҚО) Бекжан Серікбосынұлы Бұланов, 1974 ж. т.
⠀
Медицина ғылымдарының кандидаты, "Семей медицина университеті" КЕАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерология бөлімінің дәрігері Нұргүл Рамазанқызы Бәркібаева, 1970 ж. т.
⠀
Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 поликлиниканың кіші медицина қызметкері Айгерим Кәкімқызы Мұқашева, 1971 ж.т.
⠀
"Поликлиника 1" ЖШС орта буын медицина қызметкері (Павлодар облысы) Гүлбаршын Хасенқызы Шәріпова, 1960 ж. т.
⠀
"Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ КМК орта буын медицина қызметкері Лошманова Ольга Васильевна, 1972 ж. т.
⠀
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, морфологиялық зерттеулер орталығының санитары (Алматы қ.) Меркуленко Владимир Павлович, 1959 ж. т.
⠀
Байғанин аудандық ауруханасының орта буын медицина қызметкері (Ақтөбе облысы) Егеубай Құлай, 1965 жылы туған.
⠀
ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының (Қызылорда облысы) ШЖҚ РМК Арал обаға қарсы күрес станциясы филиалының дәрігері Айсауытов Болатбек Нақыбайұлы, 1968 ж. т.
⠀
Ұзынағаш кенті орталық аудандық ауруханасының дәрігері (Алматы облысы) Алашбаев Бегалидин Байжонұлы, 1984 ж. т.
⠀
"Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК дәрігері (Ақмола облысы) Олег Николаевич Исаев, 1967 ж. т.
⠀
ШЖҚ МКК Егіндікөл аудандық ауруханасы (Ақмола облысы) орта буын медицина қызметкері Байғабылова Сәуле Олжабайқызы, 1974 ж. т.
⠀
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Көпбейінді медициналық орталық" ШЖҚ МКК дәрігері Қожағалиев Олжабай Мұсаипұлы, 1959 ж. т.
⠀
"№1 Қалалық клиникалық ауруханасы " ШЖҚ МКК хирург дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, 1967 ж. т.
⠀
"Ұзынкөл аудандық ауруханасы" КМК кіші медицина қызметкерлері (Қостанай облысы) Макарова Тамара Георгиевна, 1978 ж. т.
⠀
"Жітіқара аудандық ауруханасы" КМК № 9 мектебінің медбикесі (Қостанай облысы) Новоселова Елена Анатольевна, 1965 ж. т.
⠀
№2 Атырау облыстық ауруханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің инфекционисі Дәулетов Жұмабек Бағытұлы, 1956 ж. т. (еңбек өтілі 38 жыл 10 ай)
⠀
Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папугина Елена Яковлевна, 1963 жылы туған (еңбек өтілі 22 жыл)
⠀
Атырау облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері Сұлтанғалиев Ғадлет Мамбетжанұлы, 1954 жылы туған (еңбек өтілі 38 жыл 5 ай)
⠀
Алматы облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы, 1964 ж. т.
⠀
Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бұқар жырау аудандық ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы, 1963 ж. т.
⠀
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының меңгерушісі Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы, 1960 жылы туған.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының дәрігері Мамаев Қасым Махмудұлы, 1959 ж. т.
⠀
Шымкент қаласындағы "№2 қалалық аурухана" ШЖҚ МКК дәрігері Садиев Орынбасар Әліпбекұлы, 1950 ж. т.
⠀
Шымкент қаласындағы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы, 1976 ж. т.
⠀
Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Әбдіқұлова Мәриям Қабылбекқызы, 1966 ж. т.
⠀
Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы, 1970 ж. т.
⠀
Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Тәжденова Ақзипа Насырқызы, 1962 ж. т.
#азатұту #медицина #тізім #өлім