USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дәрігерлердің өтірік қабылдауы үшін алынған ақша қайтарылатын болды

  • 09.августа.2020, 16:30,
  • 397

Дәрігерлердің өтірік қабылдауы үшін алынған ақша үш есе көлемде қайтарылады.

Бірнеше күн бұрын азаматтар бармаған, баруды жоспарламаса да дәрігер қабылдауында болған деген фактіні Damumed жүйесінен кездестіріп, өз шағымдарын әлеуметтік желілерде жаппай жариялаған. Нәтижесінде 75,5 млн теңгеден астам сомаға 13,5 мың жалған дәрігер қабылдауы анықталды.


"Біздің азаматтарымыздың әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен осындай қоғамдық бақылаудың арқасында біз біріншіден, ашықтықты қамтамасыз ете аламыз, екіншіден, бұл жүйенің олқылықтарын тауып, сол олқылықтарды болашақта қайталанбайтындай етіп жөндей аламыз", - деді Кожахметов.


Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен МӘСҚ бұл жағдайды толығымен жоюға мүдделі екенін атап өтті. Ол егер мұндай фактілерді анықтап жатса, азаматтарға тәуләк бойы қоңырау қабылдайтын 1406 немесе Qoldau 24/7 нөмірлеріне хабарласуға шақырды,


- Бірінші жартыжылдықта 13,5 мың факті анықталғанын және осы жалған дәрігерлер қабылдауы бойынша қордан аударылған барлық қаражаттың қайтарылғанын білесіздер. Оның үстіне үш есе қылып қайтарылды. Сондықтан қордың салымшылары өз қаражатының сақталуы жайына алаңдамасын, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.


Ол ақшаның дәрігерлерден емес, медициналық орталықтардың өзі қайтаратынын айтты. Оның айтуынша, мұндай қылмыстар адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.


- Егер науқасқа қатысты мұндай жалған қабылдаулар тіркелсе, содан кейін ол шынымен де бір күні ауруханаға түскенде, дәрігер оны электронды жүйеден көріп, ескеретін болады ғой. Ал ол шындыққа жатпайтын мәліметтер негізгі емдеу әдісіне ықпал етіп, адамның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, - деп түйіндеді сөзін ол.
#дәрігер #ақша #дсм 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2020
08.07.2020
30.01.2020
16.10.2019
26.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30