USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда карантин уақытында жұмыс істеген мейрамхана анықталды

  • 01.августа.2020, 17:00,
  • 270

Алматыдағы мейрамханалардың бірі келушілерді артқы есіктен кіргізіп отырған. Бұл туралы қоғам қайраткері Бибінұр Шерәлиева Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Түнгі рейд Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп өткен. Әйтеке би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан мейрамхана келушілерді артқы есік арқылы кіргізген. Мекеменің кіреберісіндегі жарық өшіп тұрған, бірақ қоғамдық қызметкердің айтуынша, ішінде орналасқан залда қорқор (кальян) болған.

"Егер осылай жалғаса берсе, біз карантиннен ұзақ жылдар бойы шықпаймыз! Бұл бізге зиян, инфекция әлі де тарап жатыр. Президентті өкімі бар, карантин жарияланды, барлық күш COVID-19-ға қарсы жұмсалып жатыр, енді не дейсіздер? Аурудың тарауына кім кінәлі? Бұл жерде де сіздерді түнде мейрамханаға отырғызып қойған билік пе? Карантин режимін бұзғандарды қатаң жазалау керек, тек айыппұл салып қоймай, реанимацияға апарып, адамдардың денесін тасытып, мәуітханаға экскурсия жасау керек, сол кезде жауапкершілік пайда болатын шығар", - дейді Бибінұр Шерәлиева. 

Фото Facebook / Бибінұр Шерәлиева



#түнгірейд #алматы #мейрамхана #карантин 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2020
28.07.2020
10.07.2020
02.07.2020
30.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031