USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Халықтан өкілдік алып, құрбандыққа жиған малдың бағасы қымбат - Жолдыбайұлы

  • 31.июля.2020, 13:00,
  • 339

Бұл туралы белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің  Facebook-тегі парақшасында жазды.

Астана имамы құрбандық малының бағасына қатысты ойын нақты әрі дұрыс жеткізе алмады. Бәлкім контекстен бөлініп алынғандықтан, солай болды. Қалай болғанда да, халықтың қате түсінуіне жол берді. Менің білетінім жалпы халықтан өкілдік алып, құрбандыққа мал жинағанда, әдеттегіден малдың бағасы қымбатқа шығады, - деп жазды ол.Өйткені мынандай жағдайлар мен қосымша шығындар қосылуы мүмкін:

1. Бұл күндері малдың бағасы әдеттегіден қымбаттау болады;
2. Акцияны ұйымдастырушылар бірнеше күнге қасапхананы жеке өздеріне ғана арнап ашқызғандықтан, оны жалға алады;
3. Сонша көп етті бірден тарату мүмкін болмағандықтан, арнайы тоңазытқыш бөлмелерді жалға алады;
4. Мал соятын ондаған қасапшының еңбек ақысы қосылады;
5. Мал еттерін аудан, ауыл, қалаға тарату үшін арнайы бірнеше көлік жалға алынады.


Сосын Астанада мал бағасы басқа қалаларға қарағанда былайғы уақытта да қымбаттау ғой. Түсініксіз бір сөзі үшін мейлі ол дін қызметкері болсын, болмасын, кез келген адам ойын кейде дұрыс жеткізе алмай қалады. Сол үшін қатты жазғырмай, кешірімді болайықшы. Алла шалатын құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Құрбан айт құтты болсын, - деп жазды дінтанушы.


#құрбанайт #малбағасы #карантин #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.07.2020
14.07.2020
29.06.2020
18.11.2019
12.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30