«Біз дәстүрлі кездесу болмайды деп санаймыз. Сіздер эпидемиологиялық жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сонымен қатар, бұл қисынсыз болар еді: біздің балаларымыз қашықтықтан оқытылады. Барлық балаларды бірден дәстүрлі білім күніне алып келу қисынсыз. Сондықтан біз жаңа жылға дейін мектептерге жаппай шаралар өткізбеуге кеңес береміз», - деді Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің инстаграмдағы тікелей эфирінде.
Оның айтуынша, тіпті коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы едәуір жақсарған болса да, оқу аусымында ЖРВИ ауруы басталады.
«Жалпы, біз біртіндеп дәстүрлі режимге көшуіміз керек», - деп түйіндеді министр.
#білімкүні #алғашқықоңырау #министр #қашықтаноқыту