USD 522.38
EUR 612.6
RUB 6.54
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы дәрігерлері нәрестелер жатқан жансақтау бөліміндегі өрттің алдын алды

  • 19.июля.2020, 15:00,
  • 333

Алматы дәрігерлері нәрестелер жатқан жансақтау бөлімінде өрттің алдын алды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 21.47-де "101" пультіне Сейфуллин даңғылы, 492 бойындағы №1 перзентхананың балалар реанимациясы бөлімшесінде өрт болғаны туралы хабар келіп түскен. Осылайша жоғары шақырту нөмірі бойынша ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

"Реанимацияда өрт дабылы іске қосылғаны анықталды. Осы түнде кезекшілік еткен қызметкер уақыт жоғалтпай, дүрлікпей ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес әрекет еткен. Осылайша, акушер-гинеколог Садықова Перизат, балалар медбикесі Жиделиева Арайлым және басқа медицина қызметкерлері тыныс алдыру аппаратына қосылған 8 нәрестені қауіпсіз аймаққа көшірді.

Дәрігерлердің бірі - Грушевский Виталий ұнтақ өртсөндіргішті шебер пайдаланып, жабық электр розеткасының жануын алдын алды. Механизмге дейінгі қызметкерлердің дағдылары өртсөндірушілер келгенге дейін отты жоюға мүмкіндік берді", - деп хабарлады ведомство өкілі.



#дәрігерлер #өрт #аурухана #алматы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.06.2020
23.10.2019
17.09.2019
15.07.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031