USD 505.17
EUR 599.54
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар саны көбейді

  • 19.июня.2020, 15:30,
  • 522


Ақтөбе облысында жедел пневмония жұқтырғандар саны маусым айында алты есе көбейген.

"Жағдай қиындап кеткендіктен Ақтөбедегі 3 стационар базасынан пульмонология бөлімін жасақтап, кереует санын 446-ға дейін көбейтуге мәжбүр болдық", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.


Соңғы үш тәулікте Ақтөбе облысында жедел пневмониядан 8 адам қаза болған. 22 адам хал үстінде жатыр. Пневмония жұқтырғандардың арасында медицина қызметкерлері де көп. Жағдайы күрт қиындаған 16 науқасты дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосуға мәжбүр болған.


Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, пневмониямен ауруханаға түскен пациенттерден COVID-19 табылмаған. Бірақ екі аурудың белгілері өте ұқсас. Бұрын-соңды мұндай жағдаймен кездеспеген дәрігерлер жаппай пневмонияның COVID-пен байланысы бар-жоғын айта алмай отыр.



скачать dle 12.0
Фото авторы : diapazon.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728