USD 486.44
EUR 534.31
RUB 5.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ералы Тоғжанов Атырауда шұғыл жиын өткізді

  • 11.июля.2020, 08:00,
  • 390

Атырау облысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келіп, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қатысты шұғыл жиын өткізді.

Премьер-министрдің орынбасары бастаған делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пен Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы федералды қызметінің "Микроб" ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Шарова, Тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы федералды қызметінің Тула облысындағы  басқарма басшысы орынбасары Залимхан Омариев бар. 

Атырау облысында бүгінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 7150 адамға жетті.  Жазылып шыққандар саны  4693 адам. 13 адам көз жұмған.

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында облыстық аурухана жанынан жуырда 400 орындық карантиндік стационар ашылатын болады. 

Сонымен бірге, барлық қалалық емханалар жанынан стационарлар жасақталып, науқастарды емдеу шаралары атқарылуда. Колл-орталық ашылып, тәулік бойы білікті мамандар халыққа кеңес беруде. Қазіргі уақытта облыста 694 инфекциялық, 895 провизорлық, 2328 карантиндік стационарлар жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде стационарлар 115 ИВЛ аппаратымен, 29 рентген аппаратымен қамтылды. 4 компьютерлік томография бар. Емханалар жанынан 61 мобильді топ жасақталды. Олар коронавирус инфекциясының симптомсыз және жеңіл түрімен ауырғандарға үй жағдайында амбулаторлық көмек көрсетуде.

Коронавируспен бірге Атырауда пневмониямен сырқаттанғандардың саны 1307 адамды құрап отыр. 

Дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілуде, әкімдіктің қолдауымен қала, аудан дәріханаларына ең қажетті антибиотик, қызу түсіретін дәрілер жеткізілуде. 

Қазіргі уақытта Атырауда пандемиямен күреске 1429 дәрігер маман жұмылдырылды. Бірақ, медицина мамандары жетіспеушілігі мәселесі өткір тұр. Аталған мәселені шешу үшін Ресеймен келіссөздер жасалып, жас мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, басқа өңірлерде интернатура мен орданитурада білімдерін жетілдіріп жүрген 122 атыраулық жас маман індетпен күреске жұмылдырылатын болады. 



#тоғжанов #атырау #шұғылжиын #коронавирус

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031