USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде күшейтілген карантин ұзартыла ма? Министр жауабы

  • 09.июля.2020, 15:20,
  • 467

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «елімізде күшейтілген карантин ұзартылуы мүмкін бе?» деген сауалға қатысты пікірін білдірді.

«Бастапқы ұсынысты бергенімізде азаматтардың өтініш-тілектері ескерілген болатын. Яғни режимнің тұрғындарға, бизнес қоғамдастықтарға мейлінше бейімді болуын көздедік. Сөйте тұра індет жұқтырғандар санының тым көбейіп кетпесі үшін шектеу шаралары қарастырылды», – деді Цой.


Министрдің айтуынша, карантиннің ұзартылу-ұзартылмауы осы карантин аяқталған соң шешіледі.

«Жағдайға дұрыс баға беру үшін инкубациялық кезеңнен өтуіміз қажет, бұл 14 күнді құрайды. Қазір аралық нәтижелерді ғана көріп отырмыз. Шынайы тиімділік тек екінші аптаға қарай байқалады. Сол кезде қатаңдату шараларының ұзартылу-ұзартылмауы да анықталады. Мұның бәрін отандық және шетелдік мамандармен бірге бақылап отырмыз», – дегенді алға тартты министр.

#медицина #covid #індет #пандемия #денсаулық

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.07.2020
30.06.2020
01.07.2020
02.07.2020
05.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031