Алматыда соңғы екі аптада карантин шаралары күшейтілген. Бірақ мереке күндері шектеу енгізілу-енгізілмеуі белгісіз. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі биыл мерекелік отшашу болмайтынын хабарлады.
Қазіргі уақытта coronavirus2020.kz мәліметі бойынша, Алматыда 5501 адамнан коронавирус табылған. Оның 2201-і аурудан жазылса, 26 науқас қайтыс болған.
Ал бүгін Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен COVID-19 анықталғаны хабарланған.
#алматы #отшашу #елордакүні #карантин #коронавирус #жандарбекбекшин