USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәйітхана алдындағы кезек.

  • 07.июля.2020, 15:30,
  • 377

Алматының денсаулық сақтау басқармасы жағдайды түсіндірді

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы қалалық патологоанатомиялық бюро жанына топталып жиналған тұрғындарға қатысты мәлімдеме жасады.

Құрметті қала тұрғындары, ең алдымен, марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз! Дүрлікпе кейде 2-ден 10 адамға дейін туыстардың еріп жүруіне байланысты туындайды. Шынымен, жақынын жоғалтып, ауыр күйде жүргендіктен, бюро қақпасында дүрбелең, үрей, абыржу, у-шу орын алуда, - дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ "Қалалық патологоанатомиялық бюро" КМК директоры Бақытжан Әлібеков.

Өз кезегінде Қалалық патологоанатомиядық бюро халықты қауіпсіздік шаралары мен карантин, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырады.

Қайтыс болғандардың денесі Қалалық патологоанатомиялық бюроға түскеннен кейін 12 сағат ішінде қайтарылады. Медициналық мекеме қайтыс болу себептерін анықтау және қайтыс болған адам жайлы сенімді деректер беру үшін мәйітті аталмыш ұйымға тапсырады. Бұл қосымша уақытты қажет етеді.
Барлық сұрақ бойынша тұрғындар 246-62-70 байланыс нөмірі арқылы ақпарат ала алады. "Қалалық патологоанатомиялық бюро" мәйіттерді беру жөнінде мобильді топ ұйымдастырды. Бұл топ қызметкерлері карантин режимін сақтау мақсатында көшеде (қақпаның жанында) қайтыс болған адамдардың мәліметтерін салыстырып, тіркеуді жүзеге асырып жатыр.

Қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының кезекте тұрған адамдар арасында жұғу қаупін болдырмау үшін, қашықтықты, маска тағу режимін сақтауға шақырамыз. Патологоанатомиялық бюро қызметкерлері туыстарына шығып, мәйітті беру тәртібі туралы хабардар етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ "Қалалық патологоанатомиялық бюро" КМК директоры Бақытжан Әлібеков.
#мәйітхана #кезек #дүрбелең #алматы 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.07.2020
01.07.2020
27.03.2020
11.12.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930