Полиция мәліметінше, ол танысының үйінде жасырынып жүрген.
"Ер адам танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі “Макаров” тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді. Бұрын ведомствоаралық топ қызметкерлері сержанттан атыс қаруын сатып алған әскери қызметшінің тағы үш досын ұстады. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді", - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтап, ұстау ғана емес, сондай-ақ олар ұрланған барлық қаруды тәркілеуге мүмкіндік туды дейді құқық қорғау органдары. Бұл-29 “Калашников” автоматы және 28 “Макаров” тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ.