USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елорда емханалары науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатты

  • 23.июня.2020, 09:30,
  • 457

Нұр-Сұлтан қаласының емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

"Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Атап айтқанда: ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәулік бойғы және күндізді стационар бар. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі", - делінген хабарламада.


Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады. Қала емханалары тек шұғыл және COVID-19 белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды.

Коронавирустың ауру белгілері жоқ науқастарын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалайды. Ауру белгілері байқалған бойда науқастарды ауруханаға жатқызады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : Zhong Nanxuan
Тағы да оқыңыздар:
15.05.2020
24.04.2020
01.02.2020
13.11.2019
27.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930