"Бүгінгі күні Теңіздің 94 вахталық калашығында 13 620 қызметкер тұрып жатыр. Бірінші демобилизация бойынша 19 403 адам, екінші демобилизация бойынша 7 687 адам шығарылды", - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Теңізде вирус жұқтырудың 1039 жағдайы тіркелген. Оның бәрі – 57 мердігер компания қызметкері. Кешенде барлығы 36 ошақ табылып отыр. Қазір адамдар вахталық ауысыммен жұмысқа тек ПТР-тесттің теріс нәтижесімен келеді. Науқастар өсімі – 1,8 %.