USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көлгінов коронавирус жұқтыру қаупі артқанын мәлімдеді

  • 11.июня.2020, 13:00,
  • 379

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға үндеу жасады.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Біз тарихымызда алғашқы рет 3 айдан астам уақыттан бері карантин режимінде өмір сүріп келеміз. Төтенше жағдай кезеңін бастан кешірдік. Қатаң тәртіптің арқасында, өзін-өзі оқшаулаудың нәтижесінде біз қауіпті кезеңнен өттік. Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар жұмысын жандандырды. Азаматтар жұмысына қайта оралды. Қоғамдық көліктер қайта жүруді бастады. Саябақтар мен қоғамдық орындар есігін қайта ашты. Әрине осыған сәйкес азаматтардың да саны көшеде көбейді. Дегенмен, азаматтардың көбеюіне байланысты қауіп арта түсуде. Бірнеше мәселеге көңіл аударуды сұраймын:


Біріншіден, қоғамдық орындарда, азаматтар көп шоғырланатын жерде міндетті түрде медициналық масканы тағу қажет.


Екіншіден, қарапайым гигиеналық нормаларды сақтауды ұмытпауымыз қажет. Әсіресе балаларға айтып, отбасымыз бен жұмысымызда да осы тәртіпті бұзбауымыз керек.


Үшіншіден, азаматтар көп шоғырланатын жерге барудың қажеті жоқ және де дистанцияны сақтауға міндеттіміз. Тек сонда ғана біз вирустан құтыламыз. Тәжірибе көрсеткендей вирус жасқа қарамайды. Дені сау азаматтар да вирусты жұқтырып, өз-өзін емдеймін деп денсаулығын қиындата түсуде. Жас, тепсе темір үзетін азаматтар ауруханаға түсуде. Ауыр хәлде жатқан азаматтарымызда бар.


скачать dle 12.0
Фото авторы : REUTERS
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930