USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Моншадағы демалыс: сот тексеріс нәтижесін жариялады

  • 08.июня.2020, 14:00,
  • 506

Жоғары сот Алматы облысындағы моншадағы видеоға түсірілген судьялар мен прокурорды тексеріп, нәтижесін жариялады. 

"Біріншіден, нақты осы жағдайда Судьялардың әдеп жөніндегі комиссиясы судьяның іс-әрекеттерінде Судьялық әдеп кодексінің бұзылғаны туралы қорытынды жасай отырып, тексеру жүргізеді. Кодекс бұзылғаны анықталған жағдайда, облыстық соттың барлық судьясының қатысуымен жалпы отырыс өтіп, жасырын дауыс беру арқылы судьяны тәртіптік жауапқа тарту үшін материалды Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот алқасына жіберу туралы шешім қабылдайды", - деді Жоғарғы Сот баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақас.


Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Судьялық әдеп кодексінің бұзылғанын растаған.


"Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З.Сейітовтің монша кешенінде болғанына байланысты Алматы облыстық сотының Судьялық әдеп комиссиясы тексеру жүргізді. Тексеру материалдарын комиссия қарап шықты. Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З.Сейітов Судьялық әдеп кодексін бұзғанын растады", - деді Сәдуақас.


Осыған дейін әлеуметтік желіде саунада түсірілген видео тараған еді. Видео авторының айтуынша, отырыста Алматы облысы аудандық сотының судьясы да болған. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.05.2020
21.05.2020
05.02.2020
30.07.2019
29.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031