USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ соты Храпуновтарға қатысты үкімін шығарды

  • 21.мамыр.2020, 14:30,
  • 383

АҚШ-тың Нью-Йорк ауданының соты Ілияс пен Виктор Храпуновтарға қатысты үкімін шығарды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.


"Екі жақтың пікірін зерттеген соң сот Ілияс пен Виктор Храпуновтар қасақана сотпен қумалақ ойнап, тәртіп бойынша жазалануы керек деп шешті. Ілиястың жоғалған электронды хаттарға қатысты негіздемесі сенімсіз деп саналды", - делінген хабарламада.


Храпуновтардың жалған сөйлегені Алматы әкімдігі мен БТА Банк талаптарына қатысы бар белгілі ақпаратты білмеуінен анықталды. Ілияс Храпунов сәйкес дәлелдемелерді жойып жіберді деген күдік бар. 


Сот Ілияс пен Виктор Храпуновтарға Алматы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлерінін шығыны өтеуге бұйырды. Енді олар қасымша дәлелдемелермен толықтыру құқығынан айрылды.


2018 жылы Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов пен зайыбы Лейлаға үкім шығарылды. Храпунов 17 жылға, әйелі 14 жылға бас бостандығынан айрылып, мүліктері тәркіленді. Ерлі-зайыптыларды мемлекеттік мүлікті ұрлау, алаяқтық, параұқорлық пен қылмыстық топ ұрлаған мүлікті заңдастыру ісінде айыпталды. Мемлекетке тигізген зиян 250 миллион долларды құрайды.


Мұхтар Әбілязовтың күйеубаласы әрі экс-әкімнің ұлы Ілияс Храпуновқа сан миллиондаған АҚШ-тағы жылжымайтын мүлік келісіміне қатысты электронды хаттарды жойып жіберді деген айып тағылды.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ratel.kz
Тағы да оқыңыздар:
03.03.2020
24.12.2019
01.11.2019
07.10.2019
14.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930