Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жасаған үндеуінде енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, кешірім сұрады.
"Соңғы жеті жылда мен Қазақстан полициясының жұмысын жақсартуға үлесім қосуға тырыстым. Видеосюжеттер мен үндеулер жасау барысында мен полицейлердің жұмысын сынға алдым. Себебі олар қателер жіберді. Бірақ мені ешкім тыңдаған да жоқ, түсінген де жоқ", - деді қоғам белсендісі.
Карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат құжаттарын тексеру барысында Руслан Жанпейісов "Adil Stroi Project" ЖШС-да заңгер болып жұмыс істейтіні туралы анықтама ұсынған. Алайда аталмыш ЖШС қала ішінде ешқандай жұмыстар атқармаған еді.
Сондай-ақ ол төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің тарапына өзінің наразылық сөздерін білдіріп, іс-әрекетімен құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Тікелей эфирдегі трансляцияда өзінің негативті пікірлерін білдіре отырып, төтенше жағдай режимі жарияланған елдімекенде қызметтік міндеттерін атқарып жатқан лауазымдық тұлғаларға қарсылық білдірді. Осыған орай, оған 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарылыпты.