USD 496.85
EUR 585.54
RUB 6.49
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жанпейісов не себепті ұсталды

  • 27.қыркүйек.2019, 15:00,
  • 469

26 қыркүйекте танымал Шымкенттік азаматтық белсенді Руслан Жанпейісов екінші рет тұтқындалды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оның не үшін ұсталғанын түсіндірді.

Ведомствоның баспасөз қызметі азамат бұзақылық жасады, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірді және билік өкілін қорлады деп хабарлады.


"Сотқа дейінгі тергеу барысында белгісіз біреу жәбірленушінің көлігін мотоциклмен қуғаны белгілі болды. Көлікті тоқтатқаннан кейін, жәбірленушіні қуып келе жатқан ер адам еш себепсіз аэрозоль құрылғысымен көзінен атып жіберген", - деді баспасөз қызметі.


Тергеу барысында күдіктінің бұзақылық әрекетін дәлелдейтін айғақтар бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Осыны ескере отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жәбірленушінің көру қабілетінің едәуір нашарлауы салдарынан денсаулығына орташа зиян тиген.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728