USD 501.02
EUR 597.27
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыдағы жаңбыр салдарынан ағаштар құлап, көшелерді су басты

  • 15.мамыр.2020, 09:30,
  • 461

15 мамырға қараған түні Алматыда бір айлық жауын-шашын нормасының төрттен бір бөлігі түсті, 19 ағаш құлады. Төтенше жағдайлар департаменті су басқан 21 аумақты тіркеді.



Су басқан көшелердің видео, суреттерін әлеуметтік желілерді қолданушылар бөлісті.



Видеолардың бірінде Әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдары көрсетілген. Кадрларда су ағып жатыр. 


Алматы қаласы ТЖД өкілі 14 мамырда айтылған ескертуден кейін қаланың барлық апат-құтқару қызметі жоғары дайындыққа келтірілгенін хабарлады.


Жиі су басатын учаскелерге алдын ала адамдар мен техника жіберілді.


"Үш учаскеде бұл шаралар өзін ақтады. Келіп түсуіне қалған өтінімдер жедел пысықталды. Ауласына су кіріп үлгерген 15 жеке тұрғын үй су басудан аман қалды. Төрт жағдайда су жолға шығып, екеуінде - көппәтерлі үйлердің жертөлесіне құйылды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

скачать dle 12.0
Фото авторы : Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728