USD 503.35
EUR 590.63
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Астана" спорт клубының экс-директоры қамауға алынды

  • 03.наурыз.2020, 12:30,
  • 415

"Астана" спорт клубының экс-директоры Аманбек Құлшықов қамауға алынды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық Қазына" спортты дамыту мен Қазақстан имиджіне бөлген қаражатты жымқыру ісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр. Тергеу мәліметінше, велоклубтың экс-директоры Аманбек Құлшықов пен оның сыбайластары Astana Pro Team велокомандасы басшысы Ләззат Шәмшиева мен Astana Motorsport басшысы Артур Ардавичуспен дайындаған қылмыстық схема анықталды", - деді Перов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында. 

Оның айтуынша, бөлінген қаражат шетелдік компаниялармен келісімшарттарға отырып, жалған құжаттарға қол қою арқылы жымқырылған.


Келтірілген шығын 2 миллиард теңгеден асады дейді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031