"Бас прокуратура бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, кеше азаматтар экстремист ұйымдар тыйым салған аумақтарда рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырмақшы болды", - деді министр.
"Шамамен 80 адам ішкі істер органдары мен полицияға жеткізілді. Кейін барлығы үйлеріне жіберілді. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне айыппұл салынса, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Екеуі полицияға қарсылық көрсетті, біреуі рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақшы болды", - деді министр Тұрғымбаев.