USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам полицейлерге қарсылық көрсетті

  • 25.желтоқсан.2019, 15:00,
  • 530

Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдаманы қиратпақ болған.

Полицейлердің мәліметінше, 25 желтоқсанда түнгі сағат 3-те белгісіз ер адам Бейбітшілік көшесіндегі жылытылатын аялдаманы қиратпақ болып жатқанын хабарлаған.


"Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан ер адамды көрген. Ол киімін шешіп тастап, аялдаманы қиратпақ болған. Полицейлер оны ұстайын дегенде қарсылық көрсетіп, қорқытқан. Бірнеше минут ішінде полицейлер оны ұстады", - делінген хабарламада.


Полицейлердің мәліметінше, ұсталған ер адам 1975 жылғы, аты-жөні - Артем Беленький. Оның осыған дейін қарақшылық пен ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды. Сол күні ол мас күйде болған.


"Ер адам таяуда бостандыққа шыққан. Елордада тұрақты тұрғылықты мекенжайы жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводағылар.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930