USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сапарбаев көпбалалыларға берілетін жаңа жәрдемақы туралы айтты

  • 06.желтоқсан.2019, 18:00,
  • 908

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев көп көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының жаңа механизмін түсіндірді. 

"Ешқандай дүрбелең жоқ. Әзірше тізімдерді нақтылау қажет, кейін 2020 жылдың қаңтарынан бастап ХҚКО атаулы әлеуметтік көмектің төлемдерінің жаңа механизмін түсіндіретін болады. Сіздер жаңа механизм енгізіп жатқанымызды білесіздер, үш түрі болады. Көпбалалы отбасыларға (төрт баладан жоғары) табысына қарамастан мемлекеттік арнайы жәрдемақы төленеді. Төрт не одан да көп баласы бар отбасыларының барлығына төленеді. Екіншісі - АӘК. Ол қала береді, алайда бұрынғы механизммен төленетін болады, бұл жерде күнкөріс минимумы ескеріледі. Үшіншісі - кепілдендірілген әлеуметтік пакет те төленеді", - деді Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда мәслихаттың 25 жылдығына орай өткен конференцияның кулуарында. 


Сапарбаевтың айтуынша, жаңа жәрдемақы алу үшін құжат тапсыру кезінде уақыт шектеуі болмайды екен. 


"Біз қазір берекетсіздік болмасы үшін алдын ала адамдарды дайындап, құжаттарды тапсырып үлгеруіне жағдай жасап жатырмыз. Сіздер білесіздер, қаңтарда бәрі жүгіреді, соны ертерек атқару қажет", - деп қорытындылады вице-премьер.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
18.11.2019
18.10.2019
07.10.2019
03.07.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031