USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

15 наурызда жаңа мереке белгілеу ұсынылды

  • 29.қараша.2019, 19:00,
  • 480

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысты.

Шағын құрамдағы кездесу қорытындысы бойынша төрт елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік жиналысының құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.


Сондай-ақ, Елбасы барлық мемлекет басшыларына 15 наурызда жаңа мереке – Орталық Азия күнін атап өтуге шақырды.


Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы бағытта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында әр елдің студенттеріне 10 гранттан бөлуді ұсынды.


– Түркі әлемінің бесігі – Түркістан қаласы қазір қайта өркендеуді бастан кешіруде. Десе де, ол өзінің мәдени, тарихи және рухани өзегін сақтайтыны сөзсіз. Өз кезегінде қала баршамыздың ортақ мақтанышымызға айналатын керемет мегаполике айналмақ. Осыған орай, Орталық Азияның бауырлас мемлекеттерінің басшыларын келесі күзде осы көне қалаға шақырамын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031