USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Астана" "Манчестер Юнайтедтен" айласын асырды

  • 29.қараша.2019, 08:00,
  • 457

Елордалық "Астана" УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында англиялық "Манчестер Юнайтедтен" айласын асырды.

Ағылшын клубы Нұр-Сұлтанға резервтегі ойыншыларын алып келген болатын. "МЮ-дің" жас футболшылары ойынды белсенді бастап, есепте алға шықты - 10-минутта Джесси Лингард алыстан дәл соққы жасады.


Үзіліске дейін қонақтар допқа көбірек ие болып, жиі соққы бағыттады. Ал екінші таймды "Астана" қос голмен бастады. 55-минутта Роман Мұртазаевтың пасынан кейін Дмитрий Шомко таразы басын теңестірген. 


Араға бірнеше минут салып, алаң иелері алға шықты - Ди'Шон Бернард допты өз қақпасына тоғытты.


Жеңіліп жатқан "Манчестер Юнайтед" Ненад Эрич қақпасына жиі шабуылдай бастады. Бірақ "Астана" қақпашысы екі бірдей сейвпен командасын құтқарып қалды.


Астаналық команда соңғы ысқырыққа дейін жеңіс есебін жіберген жоқ, 2:1 - "Астана" топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : Тұрар Қазанғапов
Тағы да оқыңыздар:
27.11.2019
22.11.2019
20.09.2019
16.08.2019
18.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930