«Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Nur Media» холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!» делінген хабарламада.
Айта кетейік, Холдинг компаниялары тобына «Астана» телеарнасы, «Aiqyn», «Литер», «Tύrkistan», «Қазақстан теміржолшысы» газеттері және «NS», «Orda FM» радиолары кіреді.