USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада мүгедек жасөспірімді автобустан шығарып жіберді

  • 22.қараша.2019, 16:00,
  • 511

Ақмола облысы аумағындағы "Лесная поляна" аялдамасында қоғамдық көлік жүргізушісі 17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп тастаған.

"Кеше таңертеңгі сағат 7.30-да екінші топтың мүгедегі – 17 жастағы жиенімді "Лесная Поляна" аялдамасында №303 автобус жүргізушісі «жол жүру билетің жарамсыз" деп жолдан түсіріп жіберген. Көшедегі 25 градустық аязда жиенім колледждегі сабағына кешігіп қалған. Қалтасында небары 105 теңге болатын. Бұл жерде қандай проблема бар? Парк басшылығы жыл сайын зейнеткерлер мен мүгедектерге мемлекет белгілеген жеңілдіктердің күшін жояды. Қосша ауылы қала аумағынан 500 метр ғана қашықтықта орналасқан. Мұндай аязда адамды қалай түсіріп кетуге болады? Неліктен Қосшы тұрғындары үшін мұндай ережелер енгізілген? Неге қаладағы зейнеткерлер жол жүру билеттерімен жүріп келе жатып, жол ортасында зейнеткер санатынан шығып қалады. Бәрі қалада жұмыс істейді, қалада ақша қалады, салықтар төленеді", - деп жазды Жәмилә Елеусізова атты тұрғын facebook парақшада.


Бұл мәселеге қатысты "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов әлеуметтік желіде жауап берді.


"Қала маңындағы бағдарда көру қабілеті төмен, кәмелетке толмаған колледж студентін тастап кеткен оқиғаны түсіндіргім келеді. Келісемін, жүргізуші кәмелетке толмаған жолаушыны тастап кетіп, дұрыс істемеді. Себебі, "аязды күндері жолаушыларды тастамаңыздар" деген нақты нұсқау болған. Мән-жай анықталу үстінде. Алайда ішкі тергеу жүргізу үшін бізге автобус пен жүргізуші туралы нақты ақпарат қажет. Жолаушыны тастап кеткен жүргізушіні анықтап, оған қатысты тиісті шаралар қолдану керек", - дейді Бекмырза Игенбердинов.


Компания басшысы автобус жүргізуші жолаушының жасын және көру қабілетінің нашар екенін байқамаған болуы керек деп тұспалдайды. Арызданушының айтуынша, оның жиенінің бір көзі мүлде көрмейді.


скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
01.11.2019
07.10.2019
03.10.2019
30.07.2019
01.07.2019
Автобустағы төбелес: Төбелес бізде болмады - Нұр-Сұлтан LRT

Желіде қоғамдық көліктің бірінде қарт адам мен жасөспірім арасындағы төбелес видеосы тарады. Орын бермеген жас баланы қария осылайша жазаламақ болды. Тараған ақпарат бойынша, жанжал елорда автобусында орын алды.

ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930