Фильм Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында, 1995 жылы көктемде бастарынан өткерген шынайы оқиғасын баяндайды.
7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылына қарсы тұрады. Жаудың күші басым болған ұрыста 17 әскери қызметші оққа ұшып, 33-і жараланады.
Фильмнің идеясын ұсынған – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылыков, бас продюсер – Данияр Ибрагимов, қоюшы режиссер – Асқар Ұзабаев, фильмнің қоюшы бас операторы – Максим Задарновский.
Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығатын көркем фильм еліміздің барлық кинотеатрларында 21 қарашадан бастап көрсетіле бастайды. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай "Qazaqstan" телеарнасынан көрсетілетін болады.