USD 501.02
EUR 597.27
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда құрылысы аяқталмаған тұрғын үй қиратылды

  • 25.қазан.2019, 12:00,
  • 501

Нұр-Сұлтанда әлі құрылысы бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің авариялық жағдайда тұрған баспанасы қиратылды.

Жақын маңда тұратын астаналықтар гүрсілді естіп, 24 қазанда сағат 23.00 шамасында шағымдана бастаған. Таңертең бұл салынып бітпеген, қисайған тұрғын үй құлатылғаннан кейінгі шу екені мәлім болды.  


"Кеше мамандардың бақылауымен апатты жағдайда тұрған "Территория комфорта-1" ТҮК-тің бірінші корпусы қиратылған болатын. Барлық корпусты жыл соңына дейін бұзып, жаңа құрылысты бастау жоспарланды. 15 жыл бойы 500 үлескер осы нысаннан пәтер күтіп келеді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Instagram желісіндегі парақшасында. 


Кешен 2004 жылы тұрғызыла бастады. Бірақ кейінірек құрылыс тоқтатылды. Техникалық тексеруден кейін ғимараттың апаттық жағдайда тұрғаны анықталды, себебі құрылыс кезінде нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасы қолданылған.  



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.08.2019
23.07.2019
10.07.2019
08.07.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728