"Өз еркімен жұмыстан босу туралы барлығы 31 дәрігер өтініш білдірген еді. Үш дәрігер өз өтінішін қайтарып алды. 28 адамды жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойылды. Бірақ, олар 7 қарашаға дейін жұмыс істейтін болады", - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Танбаева.
Оның айтуынша, дәрігерлердің жұмыстан шығуы перинаталдық орталықтың жұмысына кері әсер етпеуі тиіс.