Әкімдіктегілердің мәліметінше, Арыс қаласын жарылғыш заттардан түгелдей тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
"Шаһар тұрғандарына айта кетерлігі, қауіпті деп танылған заттарды байқаған жағдайда 102,112 нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертеміз! Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ", - дейді облыс әкімдігіндегілер.
"Жалпы бүгінгі таңға дейін 30 700 жарылғыш оқ дәрілердің бөлшектері табылған. Қазіргі уақытта осы табылған фрагменттер қаладан 60 шақырым тысқары орналасқан арнайы полигонға жеткізілген. Алдағы уақытта оның барлығы жойылады. Яғни адам өміріне қауіпті емес", - деді Бятов.