USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өртенген бес қызға арналған ескерткіш қойылады

  • 01.июля.2019, 12:30,
  • 588

Ақпан айында ата-ана қарауынсыз болған отқа оранған бес апалы-сіңлілердің қазасы ел есінде. Дүйім жұртты қаратқан қайғылы оқиға көпбалалы аналар мен отбасылар ахуалына назар аудартты. Елордада бүлдіршіндерге арнап ескерткіш қойылмақ. 

"Республика-аймақ-даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук өзінің Facebook парақшасында болашақ жоба жоспарымен бөлісті

"Елдегі, адам менталитетіндегі өзгерістер серпіні болған бұндай қайғылы оқиғаларға ескерткіштер мен мемориалдар қойылады. Олардың басты мақсаты - халық жадында қалдыру. Біз мерт болған қыздарға арнап естелік мемориал тұрғызуды шештік. Жобаға досымыз Олжас Мухамеди кіріскен болатын", - делінген хабарламада. 


Қажетті қаражат болжамды сұлбасы қабылданған соң есептелінеді. Жоба Facebook-тағы арнайы ұйымдарда жиналған қаражатпен жүзеге аспақ. Онда ескерткіш тұрғызуына үлесін қосқысы келген ерікті жандар тіркелмек. 


 

Ескерткіш сұлбасымен отандық Ideal Design компаниясының жетекшісі мүсінші Олжас Мухамеди айналысады. Ағайындылар құрған кәсіп атаулы ұйымдармен бірге жұмыс істеген. Бұған дейін Н.Назарбаев қазған "уақыт капсуласының" да авторлары - солар. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Facebook: Galym Baituk
Тағы да оқыңыздар:
28.06.2019
24.06.2019
21.06.2019
21.06.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031