USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыс, біз біргеміз!

  • 24.июня.2019, 22:00,
  • 579

Арыс қаласының әскери қоймасында болған жарылыс күллі қазақ елін алаңдатты. Зардап шеккен азаматтар саны өсіп, ата-аналар балапандарының амандығын тілеп, іздеу үстінде. Қазақстанның түпкір-түпкірінен отандастарына қол ұшын созуға дайын жандар жетерлік. 

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. 


Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.


«Кәсіпкерлер де белсенді қатысып жатыр. Шымкент, Түркістан қаласының кәсіпкерлері алғашқы минуттардан көмек көрсетіп, халықпен бірге екенін көрсетті.  Ал Шымкент қаласындағы «Интертич» емханасы жүгінушілерге тегін қызмет көрсетті», - деп, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлімдеді.


Қазақстан студенттер альянсы да іске белсенді кірісіп кеткен. Оқиғадан хабардар болған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 150-ге тарта студенті Арыстан 300-ге тарта адамды алып шығып, қауіпсіз жерге көшірген.


Арыс қаласына Қарағанды облысынан әуе кемелері арқылы 10 тонна азық-түлік пен киім-кешек жолданды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930