USD 538.54
EUR 628.31
RUB 6.7
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды ауданының біріне Әлихан Бөкейханов есімі берілді

  • 09.желтоқсан.2021, 18:13,
  • 146

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтіп, онда Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы облыс әкімінің Қаулысы қабылданды.

Бұл маңызды шешім Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында қабылданып отыр. Аудан атауын өзгерту туралы әкім Қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімін депутаттар бірауыздан қолдады.


"Сессияда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталмақ. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді", - деді Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өкілі.


Жиын барысында өткен жылғы бюджет қаржысының игерілуі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаның орындалуы сынды маңызды мәселелер де қаралды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.10.2021
31.10.2020
06.02.2020
31.01.2020
04.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930