USD 540.18
EUR 628.93
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде "омикрон" штаммы анықталса, қандай әрекеттер іске асырылатыны белгілі болды

  • 07.желтоқсан.2021, 17:01,
  • 2 152

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда "омикрон" штаммы анықталатын болса, жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. 

"Бұл вирустың таралуына байланысты. Егер вирус кеңінен таралып, сырқат ауыр өтетін болса, онда, әрине, қосымша шектеулер болады. Ең бастысы – ПТР-сынаманың "омикрон" штамды көрсетуі. Емдеу тәсілі бірдей деуге болады. Бүгінде "омикрон" штаммы анықталған елдерде басқа штаммдарды емдеу үлгісі қолданылып жатыр. Сондықтан жүйе дайын", - деп Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.


Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың бұл штаммын жан-жақты зерттеп жатқанын, қазірше нақтыланған мәлімет жоқ екенін айтты.


Сондай-ақ министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының QazVac-ты неге ұзақ уақыт бойы мақұлдамай отырғанына тоқталып өтті.

Министрдің айтуынша, вакцинаны мойындау шарасының өзі ұзақ мерзімге созылады екен.


"Бұрын ДДСҰ вакциналарды мақұлдаған елдерде тез мойындалады, яғни ол жақта жүйе бір қалыпқа келтірілген. Ал Қазақстанда біз мұндай аккредиттеуді алғаш рет өткізіп отырмыз", - деді Денсаулық сақтау министрі.


Ол аккредитация зертхананы, өндірістік базаны аккредиттеу, құжаттарды бір қалыпқа келтіру сынды көптеген жағдайларға тәуелді екенін атап өтті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.12.2021
26.10.2021
21.09.2021
10.08.2021
09.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930