USD 497.89
EUR 520.89
RUB 5.47
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

100 жуық жалған тіркеу нөмері бар көлік иелері анықталды

  • 22.қараша.2021, 13:13,
  • 177

Елімізде «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы аяқталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

«Өткен аптаның соңында ІІМ өткізетін «Қауіпсіз жол« алдын алу іс-шарасы аяқталды. 10 күн ішінде жол қозғалысын қадағалау кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 122,5 мың жағдайы тіркелді. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 953 фактісі, жүргізуші куәлігі жоқ 2 643 жүргізуші анықталды. Полиция жылдамдықты асырғаны үшін 7 807, қарсы жолаққа шыққаны үшін - 398, авариялық жағдай туғызғаны үшін - 1 647 және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп өткені үшін 2 145 адамды жауапқа тартты», - деді ол ҚР ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.



«Қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері жіберген 1 464 бұзушылық, оның ішінде 1567 заңсыз қайта жабдықтау фактісі және 198 көліктің рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпегені анықталды. Автожолдардың 10,5 мың шақырымнан астам авариялық-қауіпті учаскелері тексерілді, 1306 жол белгілері қойылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728