12 қарашадағы мәлімет бойынша 36 648 адам коронавирус инфекциясынан (31 523 КВИ+ және 5 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
6 542 пациент стационарда,
30 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
472 адамның жағдайы ауыр,139 пациенттің жағдайы өте ауыр,
86 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпарат:
10.11.2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 152 жағдайы тіркелді, төрт адам қайтыс болды және 206 адам жазылды.
Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы:
ауырғандар – 80 905,
қайтыс болғандар – 5084,
сауыққандар – 70 696.